• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Тамыз, 2015

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы №348

568 рет
көрсетілді

2014 жылғы 30 желтоқсан  Астана қаласы Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды  жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабынының 14) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов): 1) осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылықты жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың оның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ________________ Е. Досаев 2015 жылғы 13 қаңтар «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы ________________ Ұ. Қарабалин 2015 жылғы 08 қаңтар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсан № 348 бұйрығымен бекітілген Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары 1. Негізгі ережелер 1-параграф. Өнекәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптары 1. Осы Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Азаматтық қорғау туралы» Заң) 12-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және уату-сұрыптау жылжымалы және құрастыру-бөлшектеу уату-сұрыптау және байыту қондырғыларын (бұдан әрі - фабрика) кесектеу (агломерация, брикеттеу, кесектеу), байыту, ұсақтау және пайдалану жөнінде қауіпті өндірістік объектілерді жобалау, салу, пайдалану, кеңейту, реконструкциялау, жаңғырту, консервациялау және жою кезіндегі ұйымдастыру мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) айналымды сумен қамту - суды тұрақты тұтынушылар үнемі пайдалану жағдайында оның қажетті тазартуын көздейтін судың айналымы бар өнеркәсіп сумен қамтуының жүйесі; 2) ағынды сулар - одан әрі пайдалануды ескере отырып қажетті тазартуға ұшырайтын адамның тұрмыстық және өндірістік қызметінде пайдаланылғаннан кейін шығарылған су; 3) ауыр ортада байыту - бөлінетін минералдардың тығыздықтары арасындағы аралық тығыздығы бар сұйықтықтарда немесе суспензияларда гравитациялық байыту процесі; 4) байыту өнімдері - пайдалы қазбаларды байыту процесінде алынатын өнімдер: концентрат, аралық өнім, қалдықтар; 5) гравитациялық байыту - тығыздығымен, мөлшерімен немесе нысанымен ерекшеленетін минералдық бөлшектердің бөлінуі ауырлық күші мен бөлу ортасы кедергісінің әсерінен олардың қозғалу жылдамдығы мен сипатының әртүрлілігіне негізделген процес; 6) елеу - елеуіш беттері бар құрылғыларда (електерде) жүзеге асырылатын материалды ірілік кластарына бөлу процесі; 7) жіктеу - мөлшері бойынша біркелкі емес шикізаттың түйіршікті және полидисперстік бөлшектерін елеу, гидравликалық (пневматикалық) жіктеу арқылы немесе ортадан тепкіш алаңда ірілігі әртүрлі кластарға бөлу процесі; 8) концентрациялық үстелдерде байыту - су қозғалысының бағытына перпендикуляр көлденең жазықтықта ілгері-кейінді қозғалыстарды жасайтын нарифлениялары бар аздап еңкіш жазық деке бойынша ағатын судың жұқа қабатында гравитациялық байыту процесі; 9) концентрат - құнды компоненттердің құрамы бастапқы материалдан (кеннен) және байыту операцияларына ұқсас қалаған өнімдерден жоғары минералдық шикізатты байыту өнімі; 10) кептіру (минералдық шикізатты байытуда) - қыздыру кезінде ылғалды буландыруға негізделген материалдарды, соның ішінде байыту өнімдерін сусыздандыру процесі; 11) қалдық қоймасы (шөгінді қоймасы) - шикізатты (байыту қалдықтарын) қайта өңдеудің үйінді өнімдерін төсеу, оларды шөгу, қалдық қойыртпақтарынан айналымды сумен қамту үшін пайдаланылатын техникалық суды бөлуге арналған құрылыс; 12) қалдықтар - жынысты қалыптастыратын минералдардан тұратын және жеке жағдайларда пайдалы компоненттерді алдын ала алу орынды және технологиялық мүмкін болатын пайдалы компоненттердің айтарлықтай көп емес көлемі бар байыту процесінің қалдықтары; 13) қойылту - ауырлық күші немесе ортадан тепкіш күштің әсерінен қатты бөлшектердің қойыртпақта шөгу (жылжу) нәтижесінде орын алатын қойыртпақты қойылтылған өнімге және сұйық фазаға (төкпе) бөлу процесі; 14) магнитті байыту (магнитті сепарация) - бөлінетін компоненттердің магнитті қасиеттерінің өзгешелігіне негізделген шикізат кесектерін және минералдық түйіршіктерді бөлу процесі; 15) минералдық шикізатты байыту - минералдық шикізаттан бастапқы шикізаттағы олардың құрамынан артатын концентрациясы бар пайдалы компоненттерді бөлу мақсатында минералдық шикізатты қайта өңдеу процестерінің жиынтығы; 16) сусыздандыру - шикізатты қайта өңдеу өнімдерінде судың құрамын төмендету процесі; 17) уату – кесек, минералдық шикізатты сыртқы механикалық күштердің әсерімен уату агрегаттарында жүзеге асырылатын жаншу, жару, соғу, кесу немесе олардың үйлесуі жолымен қирау процесі; 18) ұсақтау - пайдалы компоненттерді және жынысты қалыптастыратын минералдық агрегаттарды алу мақсатында, сондай-ақ байыту процесінің қажетті ірілігін қамтамасыз ету үшін уату ортасының (шарлар, өзектер) және шикізаттың соққылау және қажалу әсерінің нәтижесінде минералдық шикізатты ұсақтау процесі; 19) флотация - беттік қасиеттердің әртүрлілігіне және минералдар бөлшектерінің фазаларды бөлу бетіне: сұйықтық-газ, сұйықтық-сұйықтық және т.б. іріктеу байланысына негізделген пайдалы қазбаларды байыту процесі; 20) флотация реагенттері - минералдардың флотациялануын реттеу мақсатында флотация процесіне енгізілетін органикалық және органикалық емес заттар; 21) электр сепарациясы - электр зарядтарының мөлшерлеріндегі өзгешілікке негізделген электр алаңында осы бөлшектердің қозғалу траекториясын өзгерту жолымен бөлшектерді бөлу процесі. Технологиялық процестерді фабриканы пайдаланатын ұйымның басшысы әзірлеген және бекіткен технологиялық регламентті (бұдан әрі – технологиялық регламент) сақтай отырып жүргізу қажет. 3. Қатты пайдалы қазбаларды өңдеуді жүргізетін әрбір ұйымда өнімділіктен тәуелсіз, өнеркәсіптік қауіпсіздік, соның ішінде бұзылған жерлерді қалпына келтіру бөлімдерін қосатын, салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттамасы (бұдан әрі - жобалық құжаттама) әзірленеді және оларды сақтауы қажет. 4. Барлық пайдаланылатын жабдықты, қолданылатын аспаптар мен арнайы құрылғыларды жарамды күйде ұстау қажет. Жарамсыз жабдықта жұмыс істеу, жарамсыз аспаптар мен құрылғыларды қолдануға жол берілмейді. 5. Ұйымдардың жабдығы мен ғимараттары олардың күйлеріне қарамастан, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталған ұйымдарды тарта отырып және сараптамалық қорытынды беріле отырып, олардың беріктігін, орнықтылығы мен пайдалану сенімділігін бағалаумен кезең-кезеңмен өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамаға ұшырайды. 6. Қатты пайдалы қазбалардың қайта өңделуін жүргізетін ұйымның басшысымен мыналар әзірленеді және бекітіледі: 1) өндірістік бақылау туралы ереже; 2) технологиялық регламенттер; 3) аварияларды жою жоспары. Технологиялық регламент технологиялық процесс немесе жұмыс жағдайлары өзгерген, жаңа жабдық қолданған кезде қайта қаралады. 7. Ұйым «Азаматтық қорғау туралы» Заңға сәйкес тиісті біліктілігі бар, орындалатын жұмысқа медициналық кері көрсеткіштері жоқ, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері жөнінде даярлаудан, қайта даярлаудан өткен қызмет көрсетуші персоналмен жабдықталады. 8. Жұмысқа қабылданатын барлық адамдар, сондай-ақ басқа жұмысқа ауыстырылатын адамдар үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік жөнінде нұсқама, жұмыстарды орындаудың қауіпсіз әдістері мен дағдыларын оқыту, зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсетуді үйрету жүргізілуі тиіс. 9. Жұмысшылар мен мамандарды олардың мамандықтарына сәйкес арнаулы киіммен, арнаулы аяқ киіммен, жарамды қорғау дулығаларымен, көзілдірікпен, жеке қорғаныс құралдарымен (бұдан әрі – ЖҚҚ) қамтамасыз ету және оларды пайдалануды міндеттеу қажет. Штатта тұрмаған, бірақ өндірістік тапсырмаларды орындау мақсатында қауіпті өндірістік объектінің аумағында тұрған адамдар нұсқама жүргізу журналына енгізіле отырып, қауіпсіздік шаралары туралы нұсқамадан өтуі және ЖҚҚ қамтамасыз етілуі тиіс. 10. Ұйымдарда газқағарларды, оқшаулау респираторларын және өзіқұтқарғыштарды қосқандағы ЖҚҚ пайдалану уақытын есептеуді ұйымдастыру қажет, одан әрі пайдалану үшін жарамсыз ЖҚҚ қолданудан алып тастай отырып, оларға мерзімді тексеру жүргізілуі тиіс. 11. Құрамында табиғи радиоактивтілігі жоғары компоненттері бар кендерді қайта өңдеу және байыту кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін ЖҚҚ қолданылады. 12. Қауіпсіздіктің жоғары талаптары қойылған жұмыстарды жүргізуге осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоғарғы қауіптіліктегі жұмыстарды орындауға жазбаша жүктелім-рұқсатнамалар беріледі. Рұқсат беру наряды мен бөгде ұйымның персоналы жұмыстарды орындау үшін объекті аумағында рұқсатнама ресімделеді. Онда қауіпті факторлар көрсетіледі, рұқсат алған ұйым жұмыстарды орындайтын және оларды қауіпсіз өндіретін учаскенің немесе объектінің шекаралары белгіленеді. 13. Кез келген жұмыскер жұмыс басталмас бұрын өз жұмыс орнының қауіпсіз күйде екеніне көз жеткізуі, жұмысқа қажет қорғағыш құрылғылардың, қорғау құралдарының, аспаптардың, тетіктердің және жұмысқа талап етілетін құрылғылардың бар болуын және жарамдылығын тексеруі тиіс. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғанын айқындаған кезде жұмыскер жұмысқа кіріспес бұрын ол туралы ауысымның техникалық басшысына хабарлайды. 14. Осы Қағидалардың бұзылуы орын алған кезде жұмысты өндіруге жол бермейтін ауысымның техникалық басшысы кез келген жұмыс орнын ауысым ішінде қарайды. 15. Адамдарға, өндірістік объектілерге төніп тұрған қауіпті байқаған кез келген жұмыскер бұл туралы ауысымның техникалық басшысына хабарлайды, сондай-ақ қауіп төніп тұрған адамдарды ескертуі тиіс. 16. Жабдықтың жұмыс істеп тұрған орындарын және оларға барар жолдарды адамдардың, машиналар мен тетіктердің қозғалуын қиындататын заттармен үйіп тастауға жол берілмейді. Өрт сөндіру құралдарына баратын жолдарды үйіп тастауға рұқсат етілмейді. 17. Ұйым басшысының жазбаша рұқсатынсыз (авариялық жағдайларды қоспағанда) тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін (электр қосалқы станцияларын, сутөкпелерді, калориферлі қондырғыларды, қазандықтарды) тоқтатуға жол берілмейді. 18. Дірілді өндіретін жабдық үшін (уатқыштар, диірмендер, електер және т.б.) дірілді рұқсат етілетін нормаларға дейін төмендетуді қамтамасыз ететін құрылыс, технологиялық және санитарлық-техникалық іс-шаралар кешені пайдалануы тиіс. 19. Тікелей цехтарда, жұмыс істеп тұрған тетіктердің қауіпті аймағында, көлік жолдарында, жабдықтарда демалуға жол берілмейді. 20. Барлық қызмет көрсететін алаңшаларды, өтпелі көпірлер мен баспалдақтарды берік, орнықты етіп орындау және 0,14 м биіктікке таяныштардың төменгі жағы бойынша тұтас қаптамасы және көлденең шабағы бар биіктігі кемінде 1 м таянышпен жабдықтау қажет. 21. Жұмыс алаңшалары мен тетіктерге арналған баспалдақтардың мынадай көлбеу бұрышы бар болуы тиіс: 1) тұрақты пайдаланатындар –450 астам емес; 2) ауысымына 1-2 рет келетіндер –600 астам емес; 3) сужиғыларда, құдықтарда –900 дейін. Баспалдақтардың ені кемінде 0,6 м, сатылардың биіктігі 0,3 м астам емес, сатылардың ені кемінде 0,25 м болып орнатылады. Сужиғылар мен құдықтарда қапсырмаларды пайдалануға жол беріледі. 22. Үй-жайларда және ұйым аумағында орналасқан барлық құрастыру ойықтары, жертөлелер, сужиғылар, құдықтар, орлар және 0,14 м биіктікке таяныштардың төменгі жағы бойынша тұтас қаптамасы бар биіктігі 1 м таяныштармен қоршалған немесе барлық үстіңгі қабаты бойынша төсеніштермен (торлармен) жабылды, ал қажетті орындарда ені кемінде 1 м өтпелі көпірлермен жабдықталуы тиіс. 23. Құбырлар, науашалар, коммуникациялар жұмыс алаңшаларына кедергі келтірмейтіндей, ал олар өтетін жер мен жұмыс алаңшаларын қиып өтетін болса еден деңгейінен кемінде 2,0 м биіктікте орналасады. Реагентөткізгіштер өтетін жер мен жұмыс алаңшаларын қиып өтетін болса, соңғыларында табандық болуы тиіс: өтетін жер деңгейінен (жұмыс алаңшасы) табандықтың шығып тұрған бөлігіне дейін ең төменгі биіктік – кемінде 1,8 м. 24. Қашықтықтан басқарылмайтын бекітпе арматурасына қызмет көрсету және еден деңгейінен 1,5 м биіктікте орналасқан бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану үшін ені кемінде 0,8 м стационарлық алаңшалар орнатылады. 25. Машиналар мен аппараттар және қабырғалардан жабдық габариттеріне дейінгі ең төменгі қашықтық мынадай болуы тиіс: 1) негізгі өтетін жерлерде – кемінде 1,5 м; 2) машиналар арасындағы жұмыс өту жерлерінде – кемінде 1 м; 3) қабырға мен машиналар арасындағы жұмыс өту жолдарында - кемінде 0,7 м; 4) машиналар арасындағы және қабырға (құрылыс құрылымдары) мен машина арасындағы қалыпты жұмыс өту жолдарын сақтағандағы жергілікті тарылу – кемінде 0,7 м; 5) қызмет көрсету және жөндеу үшін арналған бактарға, шандарға және резервуарларға арналған өту жолдарында – кемінде 0,6 м. 26. Жабдықты жөндеу уакытында ірі ауысымдық тораптар мен бөлшектерді тасымалдау үшін арналған өту жолдарының ең төменгі ені әрбір жаққа 0,6 м қоса отырып тораптар мен бөлшектердің ең жоғары көлденең мөлшерімен анықталады. 27. Персоналды барлық қауіпті өндірістік факторлардан қорғау қамтамасыз етілуі тиіс. 2- параграф. Жабдықтарды пайдаланудың тәртібі 28. Машиналар мен тетіктердің барлық қозғалмалы және айналмалы бөліктері, жетек пен жеткізу элементтері оларға жұмыс істеу уақытында қолжетімділікті шектейтін мықты бекітілген қоршаулардан тұруы қажет. Жер деңгейінен 2,5 м дейін (қоса алғанда) биіктікте орналасқан жабдықтардың барлық ашық қалған қозғалғыш бөліктері немесе жұмыс алаңында кездейсоқ беттесіп кетуден қол жетімділікті оның функционалдық мақсатта қолданылатын қоршауларынан басқа бөліктері қоршалуы қажет. Қоршаулар тұтас және өлшемі 20х20 мм болатын тор тәрізді ұяшықтан тұрады. Егер машинаның орындаушы органдары адамдарға қауіп төндіріп, қоршалмаған жағдайда болса, машинаның жұмысқа қосылғаны туралы ескертетін белгі беру және де энергия көздерінен тоқтату және сөндіру үшін құралдар көзделеді. Көрсетілген құралдар технологиялық талаптарға сай болуы және қажет жағдайда машиналарды, тетіктерді және агрегаттарды авариялық сөндіруді қамтамасыз ету үшін, персонал және өзге адамдар үшін қолайлы орындарда орналасуы тиіс. 29. Тісті, белдікті және шынжырлы жеткізулер олардың орналасу биіктігі мен айналу жылдамдығына қарамастан тұтас қоршаулардан болуы тиіс. Қоршаулар алмалы-салмалы, тот басу мен механикалық әрекеттесулерге төтеп беретіндей мықты және орнықты болуы керек. Қол жеткізуге қолайсыз жерлерде орналасқан агрегаттардың қозғалғыш бөліктерін бекітетін құрылғылары бар жалпы қоршаулармен қоршауға болады. Қоршаулар олардың қызмет көрсетуін қиындатпауы тиіс. 30. Жабдықтарды пайдалануға қабылдауды ұйым басшысы тағайындаған комиссия жүргізеді. Монтаждау немесе жөндеуден кейін жабдықты іске қосуды қауіпті аймақта адамдардың болмауын тексергеннен кейін жауапты адам жүзеге асырады. 31. Жұмыста жабдықты іске қосу алдында ескертетін жарықты немесе дыбыстық белгі берілу қажет. Көрінетін аймақтан тыс жатқан жабдықты жұмыста іске қосу алдында ұзақтығы 10 с кем емес, айналасында қосылуға тиісті тетіктерден есту арқылы ажыратылатын ескертуші дыбыстық белгі берілу қажет. Бірінші белгіден кейін кемінде 30 секунд уақыт ұстамын көздеу қажет, бұдан кейін жабдықты іске қосу алдында ұзақтығы 30 секунд екінші белгі беріледі. Тетіктер мен жабдықтарды іске қосу жоғарыда көрсетілген іске қосу алдындағы белгіні қамтамасыз ететін құрылғымен бекітілген. Жабдықтарды іске қосу іске қосылатын жабдықтардың атауы мен технологиялық нөмірленуін көрсетумен дауыс зорайтқыш байланыспен хабарланады. Шу деңгейі жоғары орындарда қайталаушы жарықты белгі беру көзделеді. Белгі беру тәртібі қызмет көрсетумен айналысатын және іске қосылатын жабдықтарды пайдаланатын барлық қызметкерлердің назарына алдын ала жеткізіледі. Берілетін шарттық белгілері жұмыс орындарында ілініп тұруы қажет. 32. Жабдықтарды пайдалану технологиялық регламентті сақтаумен жүргізілуі қажет. 33. Техникалық құрылғылардың дұрыс жұмыс істейтінін және жасақталуын ауысым сайын – машинист (оператор), апта сайын – учаске механигімен, энергетикпен және ай сайын – нысандағы бас механик, бас энергетик немесе тағайындалған адаммен тексерілуі қажет. Тексеру нәтижесі ауысымды қабылдау-тапсыру журналында тіркелуі тиіс. Бұзылған техникалық құрылғыларды пайдалануға рұқсат берілмейді. 34. Қозғалғыш бөліктер мен қоршауларға жөндеу жұмыстарын жүргізуге және қызмет көрсетуге, қолданыстағы машиналар мен тетіктерді қолмен жинақтау және қолмен тазалау жұмыстарын жүргізуге болмайды. 35. Техникалық құрылғыларды пайдалану, қызмет көрсету, сондай-ақ оларды монтаждау, бөлшектеу, дайындаушы зауыттардың пайдалану нұсқаулығын, техникалық паспорттары, нормативтік құжаттарын басшылыққа ала отырып жүргізілуі қажет. Дайындаушы зауыттар нормалайтын техникалық сипаттамаларды жабдықтарды пайдаланудың барлық кезеңі ішінде сақтау қажет. 3 -параграф. Сынамаларды сұрыптау, өндіріс өнімдерін орау тәртібі 36. Сынамаларды сұрыптау автоматты режимде немесе қашықтықтан басқарылатын механикалық сынаманы сұрыптаумен жүзеге асырылады. Қолмен сұрыптау техникалық басшының өкімімен анықталатын технологиялық сызбаның тек белгіленген орындарында жүргізіледі. Сынамаларды сұрыптау үшін жарықтандыру мен қоршаулары бар қолайлы және қауіпсіз орындар (алаңдар) болуы қажет. Сұрыптауды кез келген жабдықталмаған орындарда жүргізуге болмайды. 37. Дайын өнімдердің буып-түю-орау автоматтары машинисінің жұмыс орны аймағында және жасырып қоятын желілерде оралып пакеттерге, жәшіктерге немесе дорбаларға салыну технологиялық регламенттерге сәйкес жүргізіледі. 38. Орама жасайтын машиналарға арналған үй-жай конвейерлік таспалар өтетіндей ойықтармен тауар тұратын қойма қабырғасынан оқшауланады. Ойықтар өнімдердің конвейер арқылы өтуіне кедергі жасамайтын арнайы фартуктан немесе перделер түрінде қалың қабатпен жабылуы қажет. 39. Орама жасайтын машина машинисінің жұмыс орнына ыдыстарды жеткізу механизмделген әдіспен жүзеге асырылады. Престеуші-конвейерлер алдына дайын өнімдері бар дорбаларды бағыттау үшін арнайы бағыттаушылар белгіленіледі. 40. Қызмет көрсететін персоналдың еркін қолжетімділігімен үй-жайда орналасқан шнекті шамадан тыс тиеулер ойықтарды жабатын қозғалмалы құрылғымен жабдықталуы тиіс. Шнекті асыра тиеулерде арбаның жүруін шектейтін тежегіштері болуы қажет. 2. Материалдарды уату және ұсақтау кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі 1- параграф. Кенді жеткізу, қабылдау және аралық бункерлер. 41. Кенді қабылдау корпусының (бөлімшенің) алдында бункерлер алаңына құрамдардың (автосамосвалдар, скиптер, арқанды жолдар,тетіктер) кіріп-шығуына рұқсат ететін немесе тыйым салатын бағдаршам орнатылады. Кейбір жағдайларда жүк түсіру шлагбауммен жабылған және бункер алдында орнатылған жүруге рұқсат беретін бағдаршам белгілері бойынша жүзеге асырылады. Қабылдау және жүк түсіру құрылғылары мен бункерлердің жұмыс алаңдары теміржол құрамдарының келуі туралы қызмет көрсететін персоналды хабарландыруға арналған дыбысты және жарықты белгі берумен жабдықталған. Белгі құрамдардың келуі және скиптік көтергіштер мен арқан жолдарының жұмысы басталғанға сәтіне дейін 1,5-2 мин. бұрын беріледі. 42. Қабылдау құрылғыларының жұмыс алаңдарында теміржол жолдары рельстерінің бастапқы деңгейінде қозғалыс құрамдарының қызмет көрсетуі үшін өткелдер қарастырылады. Рельстер арасында осындай мақсатта рельс басының деңгейіндегі беткі жағы төсемдермен жабдықталған. Теміржол жолдарының габариттері шашылған кеннен және бөгде заттардан уақтылы босауы қажет. 43. Бункерлердің қабылдау түтігінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қабылдау құрылғыларына апаратын жолдар көліктік қызметкерлер құрамын хабарландыра отырып шлагбаумдармен жабылады. Пойыз құрамдары қабылдау құрылғылары ауданынан шығарылады. Екі немесе одан да көп қабылдау бункерлері болған кезде олардың бірінде жөндеу жұмыстарын қамтамасыз ету үшін басшымен бекітілген жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі әзірленуі қажет. 44. Бункердің қабылдау алаңы және қоректендіруші алаңының, ірі бөлгіштер арасында байланыс (телефон, дауыс зорайтқыш, жарықты) болуы қажет. 45. Қабылдау құрылғыларының бүйірінен және жан-жағынан, қарама-қарсы жүк түсіру жағынан тиеу саңылаулары берік қанаттармен қоршалады. Екіжақты жүк түсіру кезінде қоршаулар бүйір жақтарынан қойылады. 46. Бункерлердің қабылдау және өнімдерді түсіру алаңдарында шаң-тозаң қалыптасқан жағдайда оларды тиімді шаң-тозаңнан арылтатын (шаңұстағыш) құралдармен жарақтандырылады. 47. Бункерлерде айғыздарды, кеннің тұрып қалуын және оның шығарылуы арнайы тетіктер және құрылғылар көмегімен (электрлі дірілдеткіш, пневматикалық құрылғы, гидрожуу) жүргізіледі. Бункерлерге бұл мақсатпен адамдарды түсіруге жол берілмейді. Ашық түсіру люктарында қабылдау бункерлерін тиеуге жол берілмейді. 48. Аралық бункерлер егер өздігінен түсіретін арбашалармен толтырылмаса, онда төсемдермен жабдықталуы тиіс. Өздігінен түсіретін арбашаларды немесе реверсивті конвейерлерді қолдану кезінде тиеу саңылауларының ені 200х200 мм аспайтын саңылауы бар торлармен жабылады немесе биіктігі 1 м кем емес қоршаулармен жабдықталуы қажет. Мұндай қоршаулар немесе торлар конвейерлік көліктің қайта жүктемесінің орындарында бункерлерде орнатылуы керек. 49. Қабылдау түтіктеріне (бункерлерге) адамдарды түсіруге байланысты жұмыстар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, жөндеу жұмыстарын тексеру немесе орындау үшін мынандай талаптарды міндетті сақтай отырып жұмыстарды ұйымдастыру жобасы құрылады: 1) жұмыстар беру наряды бойынша орындалады; 2) осы учаскеде бункерді, оның құрылымдарын, бункер үстіндегі алаңдарды және теміржол жолдарын материалдан, желдетуден толығымен тазалау және бункердің қоршаған ортасының жағдайын бақылау. 3) қабылдау және көліктік құралдардың және бункерлік қақпақ тетіктерінің жұмыс алаңдарында бункер ішіндегі жүргізіліп жатқан жұмыстарды көрсететін ескерту белгілерін орнату; 4) жұмысшыларды бункерге түсірмес бұрын тиеу және түсіру қоректендіргіштері тоқтатылып, өшіріледі, «Қосуға болмайды!», «Адамдар жұмыс істеп жатыр!» атты плакаттар ілінеді, электр сызбалар бөлінеді және алдыңғы және кейінгі технологиялық жабдықтың жетектері токтан ажыратылады; 5) жұмыстар жүргізіліп жатқан бункерлерге заттар түсуінің алдын алу мүмкін болмаған жағдайда, бункердегі жұмыс істейтін жұмысшылардың зақымдануына жол бермейтін сенімді аражабындылар орнатылады; 6) жұмыс кезінде бункерде бригада тобы үш адамнан кем болмауы тиіс, оның екеуі бункер үстіндегі бөлімде тұрады; 7) жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар сақтандырғыш белбеулерді киеді және мықты тірекке байланады. Жұмыс жүргізу кезінде бункер үстіндегі бөлімде тұрған бақылаушы сымарқан мен арқанды ұстап тұрады. Пайдалану кезінде сақтандырғыш белбеулер мен сақтандыру арқандары 5 минут ішінде 6 айда бір реттен кем емес 2250 кН статистикалық жүктемеге сынаудан өтеді және оған соңғы сынаудан өткен күні туралы белгі қойылады. 8) бункер ішін жарықтандыру үшін 12 В кернеуден артық емес тасымал шамдар қолданылады. 50. Кенді автокөлікпен жеткізу кезінде қабылдау бункерінің түсіру алаңына автомашиналардың бункерге сырғып кету қаупіне жол бермейтін тіректер орнатылады. 2-параграф. Уату 51. Ұсақтағыштардың жұмыс кеңістігінде кеннің ірі бөлшектері кептеліп қалғанда оларды ұсатқыштардан алуды көтергіш құралдармен немесе жара отырып жүзеге асыру қажет. Кеннің ұсақтағышта кептеліп қалған бөлшектерін қолмен алуға жол берілмейді. Ұсақтағыштың жұмыс кеңістігінде кептеліп тұрған кеннің ірі бөлшектерін балғамен немесе ауыр балғамен бұзуға болмайды. 52. Ұсақтағыштың жұмыс кеңістігіне адамдарды түсіру кезінде жұмыстарды ұйымдастыру жобасына сәйкес кездейсоқ құлап кететін бөгде заттардан адамдарды қорғайтын ұсақтағыштың тиегіш үстіндегі саңылауында орналасқан сақтандыру белбеулері мен уақытша тіректердің міндетті түрде қолданылуы қарастырылады, жұмыстар жүктелім-рұқсатнама бойынша жүргізіледі. 53. Дірілді електер орналасатын тіреулер мен алаңдар дірілді және тез жүрісті електердің жұмысы кезінде туындайтын дірілдерді қабылдай және сіңіре алатындай етіп орындалады. 54. Електерді тиеу және түсіру түтіктерінің барлық енін бойлай қызмет көрсететін қызметкерлер құрамын кен бөлшектерінің кездейсоқ түсіп кетуінен сақтайтын қорғаныс тетіктері қарастырылады. 55. Електерді жұмысқа қосу алдында барлық бекітулер, әсіресе тең баланста тұрмаған бекітулерді мұқият қарау қажет. 56. Ұсақтағыштан кен бөлшектері шығуының алдын алу мақсатында тиеу саңылауларында мыналар орнатылады: 1) конус тәрізді ұсақтағыштар үшін – «опырылым» астында жұмыс істейтін І кезеңді ірі ұсақтау ұсақтағышынан басқа саңылаусыз алмалы-салмалы қоршаулар; 2) жақты ұсақтағыштар үшін – кен бөлшектерінің ұсақтағыштың жұмыс кеңістігінен үй-жайға шығарылуынаа кедергі келтіретін биіктігі 1 м кем емес маңдайшасы бар саңылаусыз бүйірлі қоршаулар. 57. Жұмыс істеп тұрған қоректендіргіштер мен електер кезінде тиеу және түсіру воронкаларында кенді елекке беретін қоректендіргіштердің шығару тесіктерін көсеуге арнайы көсеу тесіктерінің бар болуы кезінде ғана жол беріледі. 58. Електің түсіру түтіктерін қолмен тазалау және адамдарды түсіру түтігіне босату осы қағидаларды сақтай отырып жүзеге асырылады. Електердің электрқозғалтқыштары бирка жүйесіне сәйкес сөндіріледі, іске қосу құрылғыларында «Қосуға болмайды!», «Адамдар жұмыс істеп жатыр!» атты ескерту плакаттары ілінеді. 59. Электрдірілді қоректендіргішінің науашаларын жұмыс істеп тұрған уақытында тазалауға, қорек бортына тұруға, жақындауға дірілді жетектердің саңылауларына тазалау жүргізуге жол берілмейді. 60. Жұдырықты, көлденең және тік балғалы ұсақтағыштар корпусының қақпағы ашық тұрған кезде ұсақтағыштарды іске қосу мүмкіндігіне жол бермейтін бұғаттау салынуы қажет. Салмағы 50 кг артық қақпағы бар жұдырықты, көлденең және тік балға тәрізді ұсақтағыш корпусының ашылуы және жабылуы механикаландырылған тәсілмен жүзеге асыру қажет. 61. Ұнтақтау кезінде жарылысқауіпті шаңды қалыптастыратын кенді ұсақтауды шаңның жарылуына жол бермейтін іс-шараларды орындай отырып, жүргізу қажет. 3-параграф. Ұнтақтау және жіктеу 62. Жергілікті басқару кезінде диірмендер мен жіктегіштердің іске қосу құрылғылары жабдықты қосатын адам олардың жұмысын бақылай алатындай етіп орналасады. 63. Диірмен ішіндегі жұмысты жүктелім–рұқсатнама бойынша бақылаушы адамның қадағалауымен жүргізу қажет. 64. Диірменнің люкпен төмен жағдайында люк қақпағының тегірін бұрауға немесе босатуға, диірменнің жұмысы барысында ұлулы қоректендірігіш қаптамасының бұрандамаларын бекітуге жол берілмейді. 65. Контейнерлерге шарларды түсіру кезінде жүктеме орнын қоршап және «Қауіпті!» сөзі жазылған плакатты ілу керек. Контейнерлерді көтеру кезінде адамдар одан қауіпсіз арақашықтықта болады. Контейнерлер борттан 100 м төмен деңгейге дейін шарлармен тиеледі. 66. Шарлы қоректендіргіштерді, өзектерді тиеу бойынша тетіктерді пайдалануды технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асыру қажет. 67. Жіктегіштерге қызмет көрсету үшін жұмыс алаңын жіктегіш астауының бортынан кемінде 600 мм төмен деңгейде орналастыру қажет. Жіктегіш астауына қарама-қарсы жақтағы жұмыс алаңдары биіктігі 1000 мм металл қанаттарымен жабдықталады. Жіктегіште серіппелер мен білте тақтайшаларды көтеру және айналдыру механизмдеріне қауіпсіз қызмет көрсету үшін қанаттары бар көпіршелерді (алаңдарды) жабдықтау қажет, жетек элементтері қоршалады. 68. Металдың орта және ұсақ ұсақтау ұсақтағыштарына түсуінің алдын алу үшін оларды кенмен қоректендіретін таспалы конвейерлер металіздегіштермен, алғыштармен, магнитті шайбалармен және арнайы құрылғылармен жабдықталады. Жұмыс аймағынан шығарылмаған конвейер таспасынан және магнитті алғыштан металды алу конвейер тоқтатылғаннан және магнитті жүйе өшірілгеннен кейін ғана жүргізіледі. 3. Флотация бөлімдерін, магнитті сепарация бөлімдерін, байытудың электрлік және радиометрлік әдістерін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі 1- параграф. Флотация бөлімдері 69. Шығын алаңдарында аралық күбіршіктер мен қоректендіргіштерге сұйық реагенттер мен реагенттер ерітінділерін беруді сорғылар көмегімен құбырөткізгіштер бойынша жүргізу қажет. Цианидтер мен күкіртті натрийді құрғақ күйінде процестің тікелей қоректендіру нүктесіне беруге болмайды. Флотация бөлімдері арқылы реагенттердің біраз бөлігін арнайы жабық ыдыстармен ғана тасымалдауға жол беріледі. 70. Реагенттердің сынамаларын сұрыптауды механикаландырылған құрылғылар көмегімен жүзеге асыру қажет. Реагенттердің сынамаларын қолмен сұрыптау кезінде жұмысшылар ұзындығы кемінде 200 мм тұтқасы бар сынамаалғыштарды пайдалану қажет. 71. Цианидтердің шығын күбішіктерін реагентті алаңдарда жергілікті тартпа желдетумен жабдықталған және құлыпқа жабылатын оқшауланған үй-жайда орналастыру қажет. 72. Жеткізу нүктелеріне цианидтердің реагентөткізгіштерін енгізуді цианид ерітіндісіне еркін қол жеткізу мүмкіндігіне жол бермейтіндей етіп жүзеге асыру қажет. Реагенттер санын олардың жеткізу нүктелерінде өлшеуге жол берілмейді. 73. Реагенттердің аралық күбілерін, шығын күбішіктерін және олармен байланысты коммуникацияларды қажет болған жағдайда реагенттер толық төгілетін авариялық сыйымдылықтармен жабдықтау қажет. 74. Реагентті алаңдардың ағынды суларын флотация бөлімнің дренаж құрылғыларына жеткізбей-ақ арнайы құбыржолдар бойынша жою қажет. 75. Қышқылдарды цианидтер және ксантогенаттар, аэрофлоттар, күкіртті натрий мен гидросульфид ерітінділерімен араластыруға жол берілмейді. Мыс, мырыш және темір купоростарының, хлорлы мырыш пен хлорлы кальций ерітінділерін күкіртті натрий, гидросульфид және цианид ерітінділерімен араластыруға жол берілмейді, өйткені бұл ретте улылығы жоғары газдардың (күкіртті сутегі және синил қышқылы) бөлінуі және құбырөткізгіштерді бітейтін, ерімейтін тұнбалардың қалыптасуы ықтимал. 76. Камералар шламданған кезде флотация машинасы импеллері блогының айналдырығын қолмен бұрауды бөлінетін ағаш тұғырынан тоқтатылған пеногон жағдайында жүргізу қажет. Қозғалтқышты қосу жұмысшыларды тұғырдан әкеткеннен кейін ғана жүргізіледі. 77. Флотация машиналарын авариялық түсіру және шайылған суларды жинау үшін сорғылары бар зумпфтар (жертөлелер) көзделеді. 78. Қойыртпақтың технологиялық сынамаларын жұмыс істеп тұрған флотокамералардан тікелей алу пеногон міндетті тоқтатылған кезде бұл мақсаттарға арнайы арналған сынамаалғыштармен жүргізіледі. 79. Ауаны пневмамеханикалық және пневматикалық флотамашиналардың камераларына беретін ауаүрлегіштерді дыбысты оқшаулау және шу жұту бойынша іс-шараларды орындай отырып жеке үй-жайларда орналастыру қажет. 80. Жұмысшылардың флотореагенттермен байланысы мүмкін бөлімдерде суық және ыстық су беретін қолжуғыштар орнатылады, теріге тиген заттарды ағынды сумен шая отырып, дереу алып тастайтын құрылғылар, көзді шаюға арналған фонтандар көзделеді. 81. Ауысымның техникалық басшысы реагентті алаңдардың қызмет көрсететін персоналда жеке қорғаныс құралдарының бар болуын және жарамдығын тексеруді технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырады. 82. Пневматикалық флотация машиналарында аэролифттік құбырларды ауыстыру және тазалау кезінде жұмысшылар қорғаныш көзілдірігін киюі қажет. 2- параграф. Магнитті сепарация бөлімі және байытудың электрлік әдістері 83. Электрмагнитті және магнитті сепараторларды пайдалану кезінде магнитті жүйеге металдан жасалған заттарды жақындатуға жол берілмейді. Электрмагнитті сепараторларды тоқтатқан кезде магнитті жүйенің орамынан кернеу өшіріледі. 84. Құрғақ магнитті және электрмагнитті сепарация кезінде аппаратура тартпа желдету жүйесіне қосылу үшін арналған келте құбыры бар герметикалық қаптамаларға орналастырылады. Жарамсыз және өшірілген желдету кезінде сеператорларды пайдалануға жол берілмейді. 85. Науашалар мен сепараторлардың қарау және көсеу люктары жұмыс кезінде жабық тұруы қажет. Қоректендіргіш науасынан жаңқаны және заттарды қолмен алуға жол берілмейді. Саңылауды және сепаратор таспасы жүрісінің дұрыстығын реттеуді оның астыңғы жағына бөгде заттарды төсеу арқылы жүргізуге жол берілмейді. 86. Электрсепаратор үй-жайына бөгде адамдардың кіруіне жол берілмейді. 87. Электрсепараторы корпусының тозаң ылғалды өткізуіне болмайды. Корпус герметикасы және барлық люктар болмаған кезде (байқау саңылаулары) оның тігісінде және қалыңдауларда сепараторды қосуға болмайды. 88. Сепаратордың ішкі электрбөлшектеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін есіктер сепаратор жұмысы кезінде оның ашылу мүмкіндігіне жол бермейтін электр бұғаттауымен жабдықталады. Жоғары кернеу желісінен өшірілген электрсепараторлардың ток жеткізетін бөлшектеріне оларды токтан ажыратуға және индикатормен тексеруге дейін жанасуға жол берілмейді. Екінші адамның қатысуынсыз электрсепаратор қаптамасындағы есікті ашуға және жабдыққа, қорғағыштарды ауыстыру, кернеуі төмен аппаратурасы жағында байланыстарды тарту және сүрту сияқты жұмыстар түрлерін қоспағанда ағымдағы жөндеу жүргізуге жол берілмейді. Мұндай жағдайда алдын ала кернеу осы аппараттан алынып тасталады. 89. Электрсепаратор машинисі мен түзеткіш құрылғылар операторының жұмыс орындары арнайы диэлектрлі оқшаулаулағыштарды пайдалана отырып жабдықталады. 3-параграф. Күкірт кенін байыту кезіндегі қосымша талаптар 90. Жарылысқауіпті немесе улы булар мен газдардың көп мөлшерде бөлінуі мүмкін өндірістік үй-жайлар үшін, ұсақтағыштардағы шаңның жарылуы кезінде күкіртті газдың бөлінуі мүмкін балғалы ұсақтағыштар бөлімдері үшін авариялық тартпа желдету құрылғысы көзделеді. 91. Балғалы ұсақтағыштардың жұмыс кеңістігінде күкіртті кен шаңы жарылуының алдын алу үшін мыналар қамтамасыз етіледі: 1) жұмыс істеп тұрған ұсақтағыштардың ұсақтау аймағына өңделген буды немесе ұсақшашыранды суды (тұманқалыптастырғыштармен, форсункалармен) тұрақты беру; 2) ұсақтау бөліміндегі барлық электртехникалық жабдықтарды, құбыржолдарды, металл ауа үрлегіштерін, конвейерлер жақтауларын, металл құрылымдарын жерге қосу тізбегінің үздіксіздігін қамтамасыз ету жолымен ұсатқыштарда статикалық электр жиналудан қорғау. 92. Жылытылатын ұсақтау бөлімдерінде және конвейерлік галереяларында (құрғақ ұса